Сирияда жекеменшік банктер қайтадан ашылды
Сирия астанасының тұрғындары біртіндеп қалыпты өмірге қайта оралып жатыр.
Башар Асад билігі құлағаннан кейін Дамаскіде алғаш рет жекеменшік банктер қайта ашылды.
Банк өкілдері клиенттер салымдары үшін алаңдамаса болады дейді. Қалаға көтерілісшілер кіргеннен кейін қаскөйлер қаржы мекемелерін тонамақ болған. Банктерден бөлек Дамаскте базарлар мен дүкендер де біртіндеп өз жұмысын қайта бастап жатыр. Тұғындар БашАр Асад билігі құлағаннан кейін енді өмірі жақсы жаққа өзгереді деген үміт пайда болғанын айтады.
Мейсун Әл-Кураби, Дамаск тұрғыны:
"Сирия енді өркендей түседеп деп ойлаймыз. Адамдар өзін қауіпсіз сезіне бастады. Бұған дейін үрейде өмір сүруші едік. Енді бәрі өзгереді деп сенемін."