Бразилия президентіне операция жасалды
Бразилия Президентінің міндетін вице-президент уақытша атқарады.
Өйткені мемлекет басшысының миына қан кетіп, басына операция жасалды.
Қазір ол Сан-Паулудағы ауруханада жатыр. Дәрігерлер Лула да Силваның жағдайы жақсы дейді. Саясаткер күзде жуынатын бөлмеде құлап, басынан жарақат алған еді. Сол себепті Ресейдің Қазан қаласында өткен БРИКС саммитіне қатыса алмады.