Израиль Сирия жеріне дендеп еніп бара жатыр
Таяу Шығыс елдері Израильдің Сирия аумағына қарай дендеп еніп бара жатқан әрекетін айыптады.
Бұлар негізінен араб мемлекеттері. Катардың Сыртқы істер министрлігі еврей елінің қазіргі алмағайып жағдайды пайдаланып, Сирияның егемендігіне қол сұғып жатқанын айтады. Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі де Израильдің Голан жотасындағы буферлі аумақты басып алғанына наразылық білдірген. Мысырдың Сыртқы істер министрі Бадр Әбдел Аати түрік әріптесі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесіп, Сирияның жер тұтастығы мен егемендігін қолдаймыз деді.
Маджед бен Мохаммед Әл-Ансари, Катар Cыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:
«Қазіргі Сирияның жер тұтастығын, егемендігі мен барлық сириялықтардың құқығын қорғау - ең негізгі басымдық».