БҰҰ Бас ассамблеясы Газадағы атысты тоқтату туралы шешімді дауысқа салды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Газадағы атысты тоқтату туралы шешімді дауысқа салды. Ұйымға мүше 193 елдің 158-і қолдап, АҚШ, Израиль және тағы 7 ел қарсылық білдірді.
Ал 13 ел қалыс қалды. Сондай-ақ Газа секторындағы жалғасып жатқан гуманитарлық дағдарысқа қатысты екі қарар қабылданды. Оның бірі – палестиналық босқындарға көмектесу үшін Таяу Шығыс агенттігі БАПОР-дың қолдауын растайтын қарар. Екіншісі – Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақыратын және гуманитарлық көмекке мұқтаждықты көрсететін құжат. Бұл қарардың орындаулы міндеті саналмаса да, маңызды саяси салмағы бар. Яғни, әр ел оған келісіп, келіспеу арқылы өз ұстанымын білдіреді.