Израильде лаңкестік оқиға кезінде жеткіншек мерт болды
Израильде лаңкестік әрекет орын алып, 12 жасар жеткіншек мерт болды. Оқиға елдің Батыс жағалауындағы Палестинамен шекаралас аймақтағы тасжолда болған. Израиль әскерінің мәліметі бойынша белгісіз біреулер жолаушылар мінген автобусқа оқ жаудырған. Соның салдарынан 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті полиция оқиғаны лаңкестік әрекет деп танып, оған қатысы барларды іздестіріп жатыр.