Францияның Майотта аралына алапат дауыл соқты

Францияның Үнді мұхитындағы Майотта аралына кейінгі 90 жылда болмаған алапат тропикалық дауыл соқты. Салдарынан 2 адам опат болды. Желдің жылдамдығы сағатына 220 шақырымнан асып кеткен. Аймақта қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды. 15 мың тұрғын жарықсыз отыр. Телефон байланысына қатысты қиындықтар туындаған.

Майоттадағы табиғат апатына байланысты Премьер-министр Франсуа Байру шұғыл отырыс өткізіп, аймаққа азаматтық қауіпсіздік қызметкерлері, әскерилер және өрт сөндірушілер аттандырылған.