Париж туристер үшін ең тартымды қала деп танылды

Рейтингті Euromonitor International халықаралық аналитикалық компаниясы құрған, деп хабарлайды 24kz.

Онда экономикалық даму, туристік инфрақұрылым, медициналық қызмет және қауіпсіздік секілді маңызды факторлар ескерілген. 100 шаһардан тұратын тізімде Париж төртінші жыл қатарынан бірінші орыннан көрініп отыр. Үздік үштікке Мадрид пен Токио кірген. Алғашқы ондықта Еуропаның 6 және Азияның 4 қаласы бар. Биыл халықаралық сапарлар саны 19%-ке артқан. Бірақ сарапшылар салада жұмыс күшінің тапшылығы, геосаяси ахуал мен экономикалық тұрақсыздық секілді қиындықтар барын айтады.