Израиль Газа секторының батыс жағалауындағы нысандарды қиратты

Израиль әскері Газа секторының Батыс жағалауында палестиналықтарға тиесілі нысандарды қиратып жатыр.

Олар 1 үй мен 40 әлеуметтік нысанның ғимаратын бұзып, оны "лицензия бойынша жұмыс істеген жоқ" деп мәлімдеді. Палестина билігінің мәліметіне сәйкес, өткен жылдан бері Израиль әскері басып алған аумақта 500-ден астам үй мен бірнеше нысанды бұзып жоқ қылған. Олар мұны палестиналықтардың құрылыс рұқсатының болмауымен байланыстырады. 1995 жылы Ослода Израиль мен Палестинаны азат ету ұйымы Батыс жағалау, оның ішінде Шығыс аймақ пен Иерусалимді А, В және С аймағы ретінде үш бөлікке бөлу туралы келісім жасасқан. С аймағы әлі күнге дейін Израильдің әкімшілік бақылауында. Жалпы Израильдің Газа секторына шабуылынан қаза тапқандар саны 45 мыңнан асты. Тағы 107 мыңға жуық палестиналық зардап шеккен.