Израиль мен ХАМАС жыл соңына дейін ортақ келісімге келуі мүмкін
Израиль мен ХАМАС қозғалысы осы айдың соңына дейін ортақ келісімге келуі мүмкін.
Аль Хадат телеарнасы осылай деп хабарлады. Келіссөз бірнеше кезеңді қамтиды. Алдымен кепілдегі Израиль азаматтарын бостандыққа шығару үшін қақтығысқа 7 апталық үзіліс жарияланады. Осы аралықта аймаққа гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Кейін Газа секторынан Цахал күшін түгел шығарып, аймақта текетіресті біржолата тоқтату көзделген. Мұнан соң халықаралық қауымдастықтар көмегімен өңірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Израиль тергеу қызметінің мәліметі бойынша Газа секторының туннелінде әлі 100-ден астам адам қамауда отыр. Олардың жартысы ғана аман қалған болуы мүмкін.