Қазақстан Түркияның жер сілкінген ауданында мектеп салып береді
Қазақстан Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен ауданына мектеп салады.
Бүгін нысанның іргетасы қаланды. Мектеп қай өңірде? Қашан аяқталады. Білім ошағы қанша адамға арналған?
- Зілзала салдарын өз көзіңізбен көрдіңіз. Не өзгерген?
Меруерт Қанағат, тілші:
- Дәл қазір Түркия Республикасының Газиантеп провинциясы, Нұрдағы қаласында 960 оқушыға арналған мектеп құрылысының іргетасы қаланып жатыр. Бұл жәй мектеп емес. Осыдан екі жыл бұрын болған жойқын жер сілкінісінде қатты зардап шеккен Нұрдағы жұртшылығына бауырлас қазақ халқының тартуы. Жер дүмпуінен қирап қалған қалаға Қазақстан атынан мектеп салып беру туралы ұсынысты 2023 жылы наурыз айында түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың өзі айтқан болатын. Міне бүгін сол ұсыныс жүзеге астып отыр. Білім ордасының іргетасын құю шарасына Қазақстан тарапынан Түркиядағы төтенше және өкілетті елші Еркебұлан Сәпиев пен Газиантеп провинциясының губернаторы ….қатысты.
Нұрдағы қаласындағы бастауыш мектебінің ауданы: 7 мыңнан астам шаршы метр. Екі блоктан құралған оқу ордасында 36 сынып бар. Оның 32сі бастауыш, 4-еуі мектепке дейінгі білім беру сыныбы. 3 және 4 қабаттық мектепте дене шынықтыру залы, амфитеатр, асхана, ас үй бар. Сондай- ақ, бейнелеу-өнер сыныптары, музыка сыныптары және ғылыми зертханалар қамтылған. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділік қарастырылған.Бұдан бөлек, мектеп ғимаратының жанында Қазақстанның мәдени символы ретінде киіз үй бейнесіндегі балаларға арналған шеберханалар жасалады. Жалпы мектеп 2016 жылдың 15 қаңтарында қолданысқа беріледі деп отыр. Мектептің салынуы жөнінде хабарды естіген жергілікті тұрғындар дән риза. Қазір сол кісілердің пікіріне құлақ түрейік.
Эрденер Гүнтуған, Құрылыс жобасының директоры:
- Мектеп жобасын Түркия тарапы жасаған. Қаржыландыру және құрылысты жүргізу түгел Қазақстан тарапынан. Мектеп 9 баллдық жер сілкінісіне төтеп беру мүмкіндігіне ие. Фундаментінің өзі 6 метр тереңдікте жатыр. Алдын- ала, мектеп орнында зерттеу жүргізілді. Барлық құрылыс материалдары ықтимал зілзалаға арналған. Соның ішінде темір қалыңдығы, бетон мен басқа да материалдар арнайы таңдалған.
Дилек Наз Акчадағ, жергілікті тұрғын:
- Қазір бізге ең қажеттісі мектеп. Бауырларым контейнер сыныптарда оқып жүр. Сош сияқты мекткптің қауіпсіздігі. Жергілікті тұрғын ретіндеьқуаныштымыз. Қазақстанға алғысымыз шексіз.
Меруерт Қанағат, меншікті тілші:
- Қазақстан, не үшін осы Нұрдағы ауданының оқу ордасын салып жатыр. Бұған екі себеп бар. Біріншісі, біздің құтқарушыларымыздың басым бөлігі тап осы қалада құтқару жұмыстарымен айналысқан. Екіншісі, 7 балдан жоғары қос жер сілкінісінде қатты зардап шеккен жердің бірі. Газиантеп провинциясы мэрінің сөзінше, қаланың дені жермен жексен болған. 60 мың ғимараттың тең жартысы қираған. Екі жылдан бері қалада су жаңа екі мыңнан астамтұрғын үй табысталды.