Бразилияда жүргізуші куәлігін алу үшін есірткіге сынама тапсыру қажет
Бразилияда жүргізуші куәлігін алғаш рет алғалы жатқан азаматтар есірткіге сынама тапсыруға міндеттеледі.
Жаңа заң жобасын жуырда ел Сенаты мақұлдады. Тексерістен өту ақысы 100 доллар шамасында. Азаматтар оны өз қалтасынан төлеуі қажет. Билік өкілдерінің айтуынша, болашақ жүргізушілер сынаманы мемлекеттік тестілеу орталығында тапсыра алады. Ел бойынша мұндай 8 мыңнан аса мекеме бар. Айта кетейін, Бразилия билігі бұл талап арқылы елдегі жол-көлік оқиғаларының санын азайтуды көздейді. Себебі жыл сайын одан 34 мыңдай адам қаза табады.