Германияның Магдебург қаласында рождестволық жәрмеңкеде лаңкестік болды

Германияның Магдебург қаласында жүргізуші көлікпен көшедегі жиналған тұрғындарды қағып, 2 адам опат болды.

Тағы 60 жүргінші жарақат алды. Олардың 15-і ауыр халде жатыр. Билік құрбандар санының артуы мүмкін екенін айтады. Оқиға қала әкімшілігінің жанындағы рождестволық жәрмеңке кезінде болған. Жүргізуші ұсталды. Ол 2006 жылдан бері Германияда тұрып келе жатқан 50 жастағы Сауд Арабиясының тумасы болып шықты. Жергілікті билік оқиғаны лаңкестік деп бағалап отыр. Бірақ қаскөй бұрын радикалды әрекеттерімен көзге түспеген. Қазір тергеу жүріп жатыр. Германия канцлері Олаф Шольц опат болғандардың отбастарына көңіл айтты.