Қытайда жанармайдың жаңа түрін ойлап тапты

Қытайда кәрізге жиналған қалдықтардан авиациялық биожанармай өндірілді.

Қажетті шикізатқа асқа пайдаланған сұйық майдың қалдықтары қолданылады. Ғалымдар бұл экологиялық жанармайды химиялық жолмен қайта өңдеп жасап шығарған. Жаңалықтың артықшылығы дәстүрлі реактивті отынға қарағанда ауаға көмірқышқыл газы 80%-ке аз шығады. Мамандардың айтуынша, оны қолдану үшін ұшақты да, оның қозғалтқышын да жаңғыртудың қажеті жоқ. Мұнайдан өндірілген отынмен араластыруға болады. Алғашқы сынақ сәтті шығып, қазір 12 әуе рейсі осы жанармайды қолданып жүр. Бірақ құны әзірге реактивті отыннан 5 есе қымбат.

Чэнь Юй, Тianzhou new energy компаниясының бас директоры:

- Бұл биожанармайды алу үшін алдымен шикізат толық тазартылады. Одан кейін майды ыдыратып, сұйық отынға айналдыру үшін сутегі қосылады. Өңдеу кезінде ол көмірқышқыл газын сіңіреді. Жанармайды пайдалану кезінде көміртегінің бөлінуі артатын. Бірақ біз оны айтарлықтай азайттық. Келешекте зиянды қалдықтар мүлдем шықпайтындай ету жағын зерттеп жатырмыз.