Росавиация Әзербайжан ұшағының апатына қатысты мәлімдеме жасады

Ресейдің әуе көлігі жөніндегі агенттігі "Әзербайжан Эйрлайнз" ұшағының апатқа ұшырауына байланысты алғашқы мәлімдемесін жасады.

"Росавиация" Әзербайжан әуе компаниясымен және Әзербайжан мен Қазақстан билігімен тығыз байланыста екенін жеткізген. Бұл туралы Ресейдің әуе көлігі жөніндегі агенттігінің баспасөз хатшысы Артем Кореняко "Телеграм-каналдағы" парақшада мәлімдеген. Айтуынша, құстармен соғылғаннан кейін ұшақ командирі жақын маңдағы Ақтау аэродромына қарай ұшу туралы шешім қабылдады.