26 желтоқсанда Әзербайжанда аза тұту күні деп жарияланды
25 желтоқсан күні Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 26 желтоқсан Әзербайжанда аза тұту күні деп жарияланды.
Азертадж агенттігінің хабарлауынша, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев тиісті жарлыққа қол қойды.