Газа секторында Израиль шабуылынан 5 адам қаза тапты

Газа қаласындағы Аз-Зейтун ауданына жасалған Израильдің әуе шабуылынан 5 адам қаза тапты, тағы 20-ға тарта тұрғын ауыр жараланды.

Al Jazeera телеарнасының хабарлауы бойынша, шабуыл тұрғын үй кешеніне жасалған. Бұған қатысты Израиль қорғаныс армиясы ресми жеделхатында ХАМАС тобының жауынгерлеріне соққы бердік деп мәлімдеді. Израиль әскери күштері Палестина қозғалысы өкілдерінің көзін жою және кепілдегі адамдарды кері қайтару мақсатында Газа секторындағы операцияларын күшейтті.