Embraer конгломераты ұшақ апатынан кейін мәлімдеме жасады
Ақтау маңындағы ұшақ апаты әлемді дүр сілкіндірді. Оқиғадан кейін Бразилиялық Embraer әуе кемесінің өндірушілері де мәлімдеме жасады.
Құжат компанияның ресми сайтында жарияланған. Компания өкілдері марқұмдардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар жағдайды мұқият қадағалап отырғанын және тиісті органдардың қолдауына толықтай дайын екенін жеткізген. Әуе көлігін өндіруші компания өкілдері бүгін Қазақстанға ұшып келеді.