Түркия әуежайларына қатысты сын көбейді

Түркия әуежайларының күту залдары жолаушылардың демалысы үшін қолайсыз. Олар қоғамдық тамақтану орындарына айналған.

Кейінгі уақытта жергілікті сарапшылар арасында осындай пікірлер көбейіп барады. Мамандар мұның соңы ысырапшылдық пен қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатынын айтады. «Өйткені жолаушылар көп тамаққа тапсырыс береді де, кейін біразы желінбей қалады. Сөйтіп артынан көп қоқыс қалады», - дейді сарапшылар. Олар әуежай басшылығын демалыс үшін қолайлы жағдай жасап, азық-түлік пен қалдықты тиімді пайдалану жүйесін құруға шақырады.