Оңтүстік Корея валютасы құлдырады

Оңтүстік Кореяның ұлттық валютасы вонаның долларға шаққандағы бағамы кейінгі 15 жылдағы ең төмен межеге дейін түсіп кетті. Мұндай жағдай өткен аптадан бері жалғасып келеді. Оған елдегі саяси ахуал әсер еткен. Содан халықаралық инвесторлар мен трейдерлердің елдің экономикалық мүмкіндігіне сенімі азайған.

Екі апта бұрын Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялаған еді. Ол аздай, артынша қызметінен шеттетілген мемлекет басшысының міндетін атқарушыға да импичмент жарияланды.