AZAL экипаж мүшелеріне «Ұлт қаһарманы» атағы берілді
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың опат болған 3 экипаж мүшесіне «Ұлт қаһарманы» атағы берілді.
Олар Azerbaijan Airlines лайнерінің экипаж командирі, ұшқыш және бортсерік. Тиісті жарлыққа Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қол қойды. Бұдан бөлек апаттан кейін тірі қалған екі экипаж мүшесі бірінші дәрежелі «Рашадат» орденімен марапатталды. Ол төтенше жағдайда адамдарды құтқаруға үлес қосқаны үшін беріледі.