БҰҰ: 620 мыңнан астам сириялық ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болған
Сириядағы қарулы қақтығыстан 620 мыңнан астам азамат ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болған. БҰҰ өкілдері осылай дейді.
Олардың айтуынша, мыңдаған адам әлі күнге дейін соғыстың зардабын тартып отыр. Кей аудандар жарылмай қалған миналар мен снарядтарға толы. Жыл басталмай жатып 13 адам қаза тапқан, ондағаны жарақат алды. Бұдан бөлек, елде медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмек тапшы. Маман жетіспеушілігі тағы бар. Ахуалды реттеу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірқатар шара қабылдаған. Бірақ көмектің бірі жетсе, бірі жетпей жатыр.