Қытайда зілзаладан зардап шеккендер көбейді.LIVE

Қытайда жер сілкінісінен 126 адам көз жұмды. Жарақат алғандар саны 200-ге жуықтады.

Оқиға орнында тәулік бойы құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қирандылардың астында қалғандар әлі де бар. Қазір көрші елдегі тілшімізі Руслан Бақытбекұлы тікелей байланыста. Руслан жер сілкінісі болған аймақтағы ахуал қандай?

Қытайдың сейсмикалық орталығы аймақта түске дейін 11 рет жер сілкінген. Сарапшылар зілзала қайталануы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Руслан Бақытбекұлы, тілші: 

- Зілзаланың болғанына тура бір тәулік болды. Осы уақыт ішінде 407 адам құтқарылды. Олардың дені үйінділердің астында қалған тұрғындар. Ішінде еңбектеген бала, 90 жастағы қариялар да бар. Сондай-ақ, 126 адамның мәйіті табылды. 30 мыңнан астам халық далада қалды. Олар қауіпсіз жерге эвакуацияланып алғашқы түнді уақытша баспаналарда өткізді. 

Төтенше жағдай жарияланып құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқраушылар барынша жедел шешім қабылдап, шұғыл әрекет етуге мәжбүр. Зілзала болған қала мен елді мекендер таулы аймақта орналасқан. Оған қыстың суық күні де итермелеп отыр. Апат орнында 3400 құтқарушы жұмыс істеуде.  Олардың қатарында әскерилер, полицейлер, өртсөндірушілер де бар. Қосымша 340 медицина қызметкері тартылды. Сондай-ақ, 150-ден астам құтқару шараларына қажетті техника жұмылдырылды. Оннан астам тікұшақ пен ұшақ тартылған.

Чэнь Ли, Қытайдың халық-азаттық әскерінің офицері:

- Негізгі жұмыстар апат ошағы болған жерде жүріп жатыр. Біздің бригада үйіндінің астынан 32 адамды шығарды. Ішінде балалар мен қарт адамдар бар. Зардап шеккендерді қауіпсіз жаққа шығарып, жылы жерге орналастыру шаралары аяқталып қалды. Оларға жылжымалы шатырлар тігіліп, ыстық тамақ ұйымдастырылады. Қазір зардап шеккендерді іздеуге күш салынуда.