Молдова 20-дан астам елдің ұшағына өз әуе кеңістігіне кіруге тыйым салуы мүмкін

Молдова 20-дан аса елге қарасты әуе кемелерінің ұшуына тыйым салуы мүмкін.

Инфрақұрылым және өңірлік даму министрлігі қоғам талқылауына осындай заң жобасын ұсынды. Егер халық оны қолдаса, Қырғызстан, Ресей, Ливия, Непал мен Иран секілді мемлекеттердің Молдова әуе кеңістігін қолдануға тыйым салынбақ. Билік өкілдері бұл шара Еуропалық одақтың азаматтық авиация саласындағы стандарттары мен нормаларына сәйкестендіруге бағытталғанын айтады. Айта кетейін, Молдова 2022 жылдан бері Еуропалық одаққа қосылуға үміткер елдердің қатарында.