Facebook, Instagram-да ақпараттың шын-өтірігін тексеру жасалмайды
Facebook, Instagram және Срэдсте ((Threads)) енді фактчекинг, яғни ақпараттың шын-өтірігін тексеру жасалмайды.
Платформаларда көші-қон, гендерлік мәселелер секілді кей тақырыптарға қатысты шектеу де алынып тасталмақ. Бұл туралы аталған әлеуметтік желілердің басшысы Марк Цукерберг мәлімдеді. Оның айтуынша, кейінгі кездері көптеген контент цензураға ұшырай бастаған. Сондықтан осы шара арқылы желі қолданушыларына өз ойын еркін жеткізу мүмкіндігі берілмек. Ақпараттың растығын тексеру қолданушылардың өз еркінде болады.