Қазақстан мен Өзбекстан туристері арасында екі елдің киелі жерлеріне саяхаттау артты

Қазақстан мен Өзбекстан туристері арасында екі елдің киелі жерлеріне саяхаттау көрсеткіші соңғы жылдары артып отыр.

Мәселен, ала шапанды ағайындарға Түркістан, Жамбыл облысы мен Маңғыстау өңірі тартымды бағыттар қатарына жатады. Ал қазақстандықтар Ташкент, Самарқан және Бұқараға жиі ат басын тірейді. «Жібек жолы» туристік пойызы екі ел саяхатшыларының санын көбейтіп, бауырлас елдердің бірін-бірі жақыннан тануына септігін тигізбек.

Дулат Нуркин, тілші:

- Қазақстан мен Өзбекстан ауылы аралас, қойы қоралас көршілер. Ортақ мыңжылдық тарихы бар бауырлас мемлекеттер. «Жібек жолы» туристік пойызы қос елдің саяхатшылары үшін жаңа мүмкіндіктер сыйлап отыр. Әзірге 4 вагонмен 100-адам көрікті жерлерді аралап қайтты. Алдағы уақытта вагон санын 20-ға жеткізіп, 700-дей жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр.

Равшан Назаров, саясаттанушы:

- Екі елдің де аумағында киелі орындар баршылық. Және ол жерлердің қос халық үшін де маңызы зор. Мысалы: Түркістандағы Ахмет Яссауи, Өзбекстан жеріндегі қазақ билерінің кесенелері туристер арасында үлкен қызығушылық тудырады. Осындай байланыстар арқылы біздің мемлекеттеріміздің достығы бекемдей түспек. 

«Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Шымкент – Алматы» бағытын көрсету керек.

«Жібек жолы» туристік пойызы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Шымкент – Алматы» бағыты бойынша сапарлайды. Саяхат мерізімі 5 күн. Теміржол турының бір ерекшелігі пойыз тек түнде жүреді. Ал күндіз туристер көрікті жерлерді тамашалай алады.  

Дулат Нуркин, тілші:

- Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризмді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Ал «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы серіктес ретінде үлес қосты.

Дулат Нуркин