БҰҰ: Гаитиде 5600 адам қарулы топтардың қолынан қаза тапты
Былтыр Гаитиде 5600 адам қарулы топтар қолынан қаза тапқан. 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда мың адамға көп.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы жуырда осындай дерекпен бөлісті. Былтыр 2 мыңнан аса азамат жарақат алған. 1500-дей адам ұрлау дерегі тіркелген. Қазір Гаити қауіпсіздік дағдарысын бастан өткізіп жатыр. Ел аумағының басым бөлігін қарулы топтар бақылауға алған.