Газа секторында Израиль әскерінің әуе соққыларынан 22 адам қаза тапты
Израиль әскерінің әуе соққыларынан өткен тәулікте Газа секторында 22 адам қаза тапты.
Еврей армиясы бір мезетте анклавтың бірнеше ауданына шабуыл жасаған. Нысанаға Шейх-Радван ауданындағы көпқабатты үй, Зейтун маңы мен Дейр-Эль-Балахтағы босқындар лагері алынған. Газаның денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпар бойынша Хамас пен Израиль арасындағы қарулы қақтығыс өршігелі 46 мыңнан аса палестиналық көз жұмған. Қазір анклавта 2 млн-нан аса адам азық-түлік пен медициналық көмекке зәру.