Чад Президентінің сарайына шабуыл жасалды
Африкадағы Чад мемлекеті Президентінің сарайына шабуыл жасалып, 19 адам қаза тапты. Көз жұмғандардың 18-і шабуыл жасағандар.
«Әл-Арабияның» хабарлауынша резиденция маңында кешеден бері атыс естіліп, көшеде танкілер жүр. Қарулы топтың шабуылы кезінде президент іште болған. Оның қазіргі хал-ахуалы туралы әзірге ақпарат жоқ. Билік шабуылды «бүлік шығару, тұрақсыздық тудыру» деп бағалады және елдегі жағдайды толық бақылауға алдық деп мәлімдеді. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша шабуылды атышулы «Боко Харам» лаңкестік тобының содырлары ұйымдастырған. Чадта кейінгі жылдары саяси жағдай тұрақсыз.