ЮНИСЕФ: Газада бір аптада 74 бала қаза тапты

Газа секторында биылғы жылдың алғашқы аптасында Израиль шабуылдарынан 74 бала жан тапсырды.

Бұл туралы ЮНИСЕФ ұйымы мәлімдеді. Құрбандардың көбі –  түрлі босқындар лагерьлерінде тұрған жеткіншектер. Газада миллионнан астам бала уақытша шатырларды паналауға мәжбүр. Өткен жылдың аяғында 8 шақалақ суықтан үсіп өлген болатын.