Тибетте іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды
Жойқын жер сілкінісі болған Тибетте іздестіру-жұмыстары аяқталды.
Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Енді ел билігі табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектесумен айналыспақ. Ол үшін бюджеттен 13,5 млн доллар бөлінді. Қазіргі уақытта 46 мыңнан астам адам уақытша орналастыру орталықтарында өмір сүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 7-сі күні Тибеттің Тингри уезінде қуаты 7,1 балл жер сілкінісі болды. Одан 126 азамат көз жұмды.