Италиядағы қалада адамдарға ауыруға тыйым салынды

Италиядағы қалада адамдарға ауыруға тыйым салынды

Италияның Белькастро қаласында өмір сүретін азаматтардың ауруына заңмен тыйым салынды.

Осылайша шаһар басшысы жергілікті денсаулық сақтау саласындағы проблемаларға өңір билігінің назарын аудартпақ болған. БелькАстрода бүгінде 300 мыңдай адам өмір сүреді. Оның жартысына жуығы қарт кісі. Бірақ медициналық орталықтардың көбі жабық тұрады. Кезекші дәрігерлер демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді. Жедел жәрдем көрсету бөлімі 45 шақырым жерде орналасқан.