Йемендік хуситтер АҚШ-тың ұшақ тасығышына шабуыл жасады

Йемендік хуситтер Американың Қызыл теңіздегі ұшақ тасығышы мен әскери кемелеріне шабуыл жасады. Операция барысында қанатты зымырандар мен дрондар пайдаланылған. Ресми Вашингтон бұл оқиғаға қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбританияның әуе күштері хусит нысандарын әуеден атқылаған еді. Нысанаға штаб-пәтер мен қару-жарақ қоймалары алынған. Йемендік хуситтер 2023 жылдың қазан айынан бері Израильмен байланысы бар кемелерге шабуыл жасап келеді.