Алакөлде мұз жарылып, 25 балықшы жағалауға жеткізілді
Алакөлдің Жетісу облысына қарасты аймағында мұз жарылып, 25 адам жағалауға жете алмай қалды, деп хабарлайды 24kz.
Ақши мен Көктұма ауылдарының ортасында қалып қойған балықшылар 112 нөміріне хабарласып көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар шарасыз қалғандарды қауіпсіз жерге шығарды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарындағы мұздың жұқа екенін және балық аулауға шықпау керегін ескертеді.