Қытай билігі зілзалада қираған жолдарды жөндеуге $4 млн бөлді
Қытай билігі зілзаладан қираған жолдарды жөндеуге 4,1 млн доллар бөлді, деп хабарлайды 24kz.
Сондай-ақ басқа жолдар мен көпірлердің бұзылуы мүмкін қауіпті жерлерін анықтауға да ақша қарастырылған. Бұл гуманитарлық көмекті тез арада жеткізу үшін қабылданған шұғыл шаралар. Тиісті ақпарат елдің Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған. 7 қаңтарда Тибет автономды ауданында жер сілкініп, Лхацэ уезінде 1500-ден астам үй жермен-жексен болды. Қазір онда 17 маман шығын көлемін есептеп жатыр. Жалпы зілзаладан 126 адам ажал құшқан.