Хорватияда президент екінші мерзімге қайта сайланды

Хорватияда Президенттік сайлауда елдің қазіргі көшбасшысы Зоран Миланович қайта сайланды.

Барлық дауыс берушінің 75%-ы Милановичті таңдаған. Қалған 25% дауысты оңшыл орталық партиядан үміткер Драган Приморац иеленді. Хорватияның ең ықпалды саяси күші үшін бұл нашар нәтиже, - дейді сарапшылар. Миланович Президенттік қызметіне дейін Хорватияның премьер-министрі, солшыл Орталық партияға төрағалық еткен. Өткен жылы ол премьер-министрге үміткер болып, парламенттік сайлауға қатысты. Бірақ сот бұл әрекетті конституциялық емес деп таныды. Айта кетейін, Хорватияда Президенттің өкілеттік мерзімі бес жыл. Бірақ екі мерзімге ғана сайлануға рұқсат бар.

Зоран Миланович, Хорватия президенті:

"Бүгін мен үшін тарихи күн. Бұл жеңіс менің кейінгі бес жылдағы күш-жігерім мен еңбегімнің нәтижесі деп білемін. Бұл маған деген қоғамның сенімі. Халық артқан үмітті ақтап, сенімнің үдесінен шығуға тырысамын".