Бразилияда лай көшкінінен 9 адам қаза тапты
Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Ипатинга қаласында шелектеп жаңбыр жауып, артынша көшкін жүрді.
Салдарынан 9 адам опат болды. Тағы бірнеше адам із-түзсіз кеткен. Жергілікті БАҚ осылай деп хабарлады. Олардың айтуынша, бір сағат ішінде 8 сантиметр жауын-шашын түскен. Табиғат апатынан үйлер қирап, нысандар бүлінген. Билік шұғыл шара қабылдап, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшіруге тапсырма берді. Құтқару қызметі үйінділерді аршып, жоғалғандарды іздестіріп жатыр. Апатқа байланысты шаһарда 180 күнге төтенше жағдай режимі жарияланды. Еске салайын, былтыр Бразилияның оңтүстігінде тоқтаусыз жаңбырдан кейін аймақты су басып, 180 адам қайтыс болды.