Францияға тиесілі Майотта аралын су басты
Францияның Үнді мұхитындағы Майотта аралына алапат дауыл соғып, арты тасқынға ұласты.
Сыртқы істер министрі Мануэль Вальс қауіп күші жоғары деп мәлімдеді. Жалпы қауіптің қызыл деңгейі сенбі күні жарияланған. Дауыл күшейіп, үйлерді су шайып кетті. 320 мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшіруге бұйрық берілді. Оларды орналастыруға 79 шұғыл орталық құрылған. Бір ай бұрын ғана аймақта кейінгі 90 жылда болмаған алапат тропикалық дауыл тұрған еді. Салдарынан 39 адам опат болып, мыңдаған адам ауыр жарақат алды.