Якутияда аязда жүгіруден марафон өтті

Якутияда минус 43 градус аязда жүгіруден марафон өтті.

Жарыс ұйымдастырылған Оймякон ауылы - әлемдегі ең суық елдімекен. Мұнда сынап бағанасы 1933 жылы минус 67,7C градусты көрсеткен.

Жалпы марафонға Ресейдің түкпір-түкпірінен 50 шақты желаяқ қатысты. Олардың арасында әуесқой, кәсіби спортшылар да бар. Қатысушылар марафонның бірінші күні 5,10,15,20 шықарымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Ал екінші күні 42-50 шақырымдық мәре сызығын бағындырды.