Лос-Анджелес мэрі өрт сөндіру бөлімінің бастығын қызметінен босатты

Лос-Анджелес мэрі Карен Басс өрт сөндіру бөлімінің бастығы Кристин Кроулиді қызметінен босатты.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, әкімдік Кроулиді Фокс 11 телеарнасынан берген сұхбатынан кейін дереу жұмыстан шығарып жіберген. Өйткені ол сұхбатында табиғат апатынан бірнеше ай бұрын жергілікті әкімшілік өрт сөндіру бригадаларының бюджетін шамамен 18 миллион долларға қысқартты деп мәлімдеді. "Ал қала басшылығының шешімі төтенше жағдайға ден қою мүмкіндігін шектеді", - дейді ол. Орман өрті басталғалы 7 қаңтардан бері 100-ден астам өрт сөндіру көлігі істен шықты.