Австралия қоғамдық көліктегі жарнамаға шектеу қойды
Оңтүстік Австралияда қоғамдық көлікте зиянды өнімді жарнамалауға тыйым салынды.
Тиісті ереже осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, шоколад, кәмпит, десерт, балмұздақ, алкогольсіз сусындар мен чипсы сияқты өнімдердің суретін автобус, пойызда, сондай-ақ трамвайда орналастыруға шектеу қойылады. Билік бұл бастаманы семіздіктің алдын алып, дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында қолға алып отыр. Осылайша бұл ел осы бастаманы іске асырған алғашқы австралиялық штат болмақ. Айта кетейін, Оңтүстік Австралияда ересектердің 63 және балалардың 35%-ы артық салмақтан зардап шегеді.