Импичментке ұшыраған Корея президентінің жалақысы өсті
Оңтүстік Кореяның импичмент жарияланған Президенті Юн Сок Ёльдың жаңа жылдан бастап жалақысы өсті.
Биыл оның жылдық табысы 3 пайызға ұлғаяды. Яғни, жылына біздіңше, 94 млн теңге еңбекақы төленеді. Жергілікті персоналды басқару министрлігінің мәліметі бойынша, биыл барлық мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға өсті. Юн Сок Ёль де Президент ретінде жалақы алуды жалғастырады. Сондай-ақ импичментке байланысты қызметіне күмән келтірілген Премьер-Министр Хан Док Судың да жалақы көлемі артты. Еске салайын, өткен жылдың желтоқсан айында Юн Сок Ёль қысқа мерзімді әскери жағдай енгізгеннен кейін Ұлттық ассамблея оған импичмент жариялаған еді.