ХАМАС ұйымына жаңа басшы тағайындалды

Палестиналық ХАМАС ұйымының Газа секторындағы жаңа жетекшісі болып бұрынғы басшысының інісі тағайындалды.

Бұл туралы америкалық The Wall Street Journal хабарлайды. Мұхаммед Синвардың жасы шамамен 50-де. Ол топтың жауынгерлік қабілетін күшейтуге тырысып жатыр. Бұл ретте кейінгі айларда ұйым құрамына мыңдаған жаңа жауынгер қосылған. Олар негізінен Газаның солтүстік аймақтарында әрекет етуге жұмылдырылған. Израиль әскерилері былтыр күзде ХАМАС-тың бұрынғы басшысы Яхья Синвардың көзін жойған еді. Ол ұйымды 2017 жылдан бері басқарған.