Blue Origin компаниясының зымыраны тағы ұшпай қалды

Әлемдегі ең бай адамның бірі – Джефф Безос негізін қалаған Blue Origin компаниясының зымыраны тағы да ғарышқа ұшпай қалды, деп хабарлайды 24kz.

Негізі сынақ ретіндегі алғашқы ұшуы 10 қаңтарға жоспарланған еді. Бірақ ол кезде ауа райының қолайсыздығы кедергі еткен. Ал бұл жолы техникалық ақау себеп болған. Алып зымыранның биіктің 100 метрге жуықтайды. Мамандар оны жасаумен 10 жылдай айналысқан. Осылайша, Джефф Безостың компаниясы әлемдегі тағы бір ауқатты адам – Илон Масктің SpaceX компаниясына бәсекелес болуға ниетті.