Бельгияда мемлекеттік қызметкерлер жаппай ереуілге шықты
Брюссельде мемлекеттік қызметкерлердің жаппай ереуілі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Түрлі мәлімет бойынша қатысушылар саны 50 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Наразы топ қатарында мемлекеттік мекеме және көлік саласының қызметкерлері, дәрігерлер мен мұғалімдер бар. Олар үкіметтің зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді қысқарту жоспарына қарсы. Сөйтіп, билік жылына 3 млрд еуроға дейін үнемдеуге ниетті. Ереуіл салдарынан мектептер мен жоғары оқу орындарының 30%-ке жұмыс істемей тұр. Пойыздар жүрмей, автобустар да жөнді қатынамай тұр.
Блиц 1:
- Билік зейнетақы жүйесін қайта қарастыруға ниетті. Сондай кейбір адамдардың ай сайынғы төлемдері 600 еуроға дейін қысқаруы мүмкін. Бұл аздай, зейнетке шығу жасын да ұлғайту жоспарына көңіліміз толмай отыр. Бұрын 65-те зейнетке шығатын едік. Енді 67 жасқа дейін жұмыс істеуіміз керек. Біз мұнымен келіспейміз.
Блиц 2:
- Бұл реформа, әсіресе, әйелдер үшін тиімсіз. Өйткені олардың зейнетақысы азаяды. Билік ондай бастама көтереді екен, онда қарапайым жұмысшылар емес, ауқатты адамдардың ақшасын қысқартсын.