ХАМАС ұйымы келіссөзге сәйкес кепілдегі 33 адамды босатады
ХАМАС қақтығысты тоқтату туралы келісімнің алғашқы кезеңінде кепілдегі 33 адамды босатады. Бұл мәселе қазір Дохадағы келіссөз аясында нақтыланып жатыр. Израиль билігі осылай деп мәлімдеді.
Олардың айтуынша, тараптар мәмілеге келуге әзір. Бұған қол қойылғаннан кейін дереу бастаманы жүзеге асыруға ниетті. Ал келісімнің екінші кезеңінде атысты біржолата тоқтату көзделген.
Айта кетейік, қақтығыс басталғалы, 2023 жылдың қазан айынан бері ХАМАС ұйымы 94 израильдікті тұтқынға алды. Олардың 34-і қаза болуы мүмкін.