Оңтүстік Африкада заңсыз кеніште 100 ер адам ажал құшты

Оңтүстік Африка Республикасында 2 айдан бері жер астындағы алтын кен орнында қамалып отырған 100 ер адам жан тапсырды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Қайғылы оқиға Стилфонтейн қаласының маңында болған. Кеніште әлі 500 жұмысшы бар көрінеді. Олардың қаншасы тірі екені әзірге белгісіз. Бұл кеншілер алтын қазумен заңсыз айналысады. Былтыр қарашада полиция қамауға алады деп қорқып, жер бетіне шығудан бас тартқан. Бұған дейін 26 адам құтқарылды. Бұл елде әлемдегі алтын кен орындарының 30%-і орналасқан. 6 мыңға жуық кеніштің жұмысы тоқтап, қараусыз қалған. Оларда 100 мыңға жуық заңсыз алтын іздеуші жұмыс істейді.