Өзбекстанда жемқорлыққа бейім шенеуніктерді ерте анықтау жүйесі енгізіледі
Өзбекстанда жемқорлыққа бейім мемлекеттік қызметкерлерді ерте бастан анықтау жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды 24KZ. Тәжірибе басшылық лауазымдағы шенеуніктер мен резервтегі кадрлардың бармақ басты, көз қыстыға қаншалықты бейім келетінін білуге бағытталған.
Өзбекстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің директоры Акмал Бурхановтың айтуынша, мемлекеттік қызметті тек адал, жемқорлықтан ада азаматтармен жасақтау міндеті тұр. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Акмал Бурханов, Өзбекстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің директоры:
- Жаңа жүйе заңсыз байлыққа кенелу мақсатында мемлекеттік қызметке орналасқандарды анықтауға, тиісінше адал кадрларды іріктеуге мүмкіндік береді. Өлімді айтсақ, ол қылмыс түрі бір адамға, бір отбасына қатысты. Ал сыбайлас жемқорлық – бүкіл қоғам мен тұтас мемлекетке жұққан дерт. Оның құны жүздеген мың адамның өмірі болуы мүмкін.
Еске салайық, таяуда Өзбекстанда экономиканың дамуына селқос қараған 300-ге жуық шенeyнік жұмыстан босатылды. Инвестиция тарту бойынша да нәтиже көрсетпеген бірқатар жоғары лауазымды шенеунік жылы орындарынан кетуге мәжбүр болды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте жүріп, кәсіпкерлік субъектілеріне иелік еткен түрлі министрліктердің 398 маманы анықталып, жұмыстан босатылды.