Әлемде 2 млрд адам таза суға зәру

Әлемде жыл сайын диареядан бір млн жүз мың бала көз жұмады. Ал пневмония, яғни, өкпенің қабынуынан бір млн екі жүз мың адам өмірден өтеді. Бұл – ЮНИСЕФ-тің дерегі.

«Осы аурулардың алдын алу қарапайым қол жуудан басталады», - дейді ұйым мамандары. Яғни, балалар диареясын екі есеге, респираторлы аурулардың санынан 4 есеге азайтуға болады.

Қол жуу сіз бізге қарапайым үрдіс болуы мүмкін. Алайда, қол жумайтын елдер де бар.

Жер бетінде 2 млрд адам қол жуу былай тұрсын, таза суға жарымай отыр. Бұл көрсеткіш келесі 30 жыл ішінде күрт өсуі мүмкін. Біріккен ұлттар ұйымы осылай дейді. Оған тұрмыс жағдайы, орналасқан жері, климат өзгерісі секілді факторлар әсер етеді. Қарапайым гигиеналық тазалықты сақтамағандықтан қазірде Африкада 190 млн баланың денсаулығында кінәрат бар. Әр 10 баланың алтауы тырысқақпен ауырады. Әсіресе, Камерун, Чад, Сомали сынды елдерде жағдай қиын. Бұл елдерде жыл сайын 5 жасқа дейінгі мыңдаған бала көз жұмады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, цитата:

- Алапат дауылдар, су тасқыны мен құрғақшылықтық ауыр зардабын миллиардтаған адам тартып отыр. Үйлер мен инфрақұрылымдардың қирауы, кәріз жүйерінің жарылуының салдарынан келетін шығын көп. Бұл адамзатқа төнген үлкен қатер. Қазірде түрлі белгісіз аурулардың тарап жатқанын осыдан байқауымызға болады.  

 

Еуропа елдері қол жумайды

Тұрмысы төмен елдер былай тұрсын, дамыған елдің тұрғындары тазалыққа аса бейім емес. Танымал немістің Statista компаниясы қол жумайтын елдердің тізімін де жасап қойған. Онда Еуропа елдерінің ішінде Италияда халықтың 43%-і, Испанияда 39%, Францияда 38%, Австрияда 35%-і қолдарын жумайтын көрінеді. Ал, Румыния мен Чехияда көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Ал, Түркияда халықтың 94%-і тазалыққа бей-жай қарамайды. Мұны кей сарапшылар мұсылмандардың көптігімен байланыстырады.

Әлемде жыл сайын диареядан бір миллион жүз мың бала көз жұмады.Ал пневмония, яғни өкпенің қабынуынан бір миллион екі жүз мың адам өмірден өтеді. Бұл ЮНИСЕФ-тің дерегі.

 

Әлемдегі ең таза ел

Ал, World Population Review жүргізген зерттеу бойынша әлемдегі ең тазайын ел – Бразилия. Ұйым бразилиялықтардың күніне 2 рет душқа түсетінін алға тартады. Десе де, тазалық дегенде бірден жапондар еске түсетін анық. Иә, бұл шектен тыс таза. Жапонияда қол алысып, құшақтасып амандасуға болмайды. Кез келген жағдайда дүкен болсын, аялдама не бонкаматқа кезекке тұрсаңыз, кемі 1 метрдей арақашықтық сақталады. Қалаларды дәретхананың бәрі тегін. Кез келген сәтте қолды сабындап жууға болады. Тіпті азық-түлік дүкендерінде арнайы сабын құйылған дозаторы бар қолжуғыштар орнатылған. Жеміс-жидек, көкөністер герметикалық пакеттерге салынған. Картоптың өзі полиэтилен пакетпен сатылады.