Испанияда үй сатып алған шетелдіктер 100% салық төлейді
Испанияда жылжымайтын мүлік сатып алған шетелдіктер үшін 100%-салық енгізіледі, деп хабарлайды 24kz.
Қазір оның мөлшері 12%-тен аспайды. Бірақ салықтан Еуроодаққа мүше елдердің азаматтары босатылады. Бұл тұрғын үй дағдарысын еңсеруге бағытталған шара. Өйткені шетелдіктер жыл сайын 27 мың жылжымайтын мүлік нысанын сатып алады. Ауа райы жылы болғасын, көбі осында өз үйінде демалығысы келеді. Содан баспана бағасы шарықтап, бұдан жергілікті тұрғындар опық жеп отыр. Жалпы кейінгі 10 жылда Еуропада үйлер шамамен 50%-ке қымбаттаған. Әсіресе, Испаниядағы жағдай күрделі. Енді жергілікті билік мәселені шешу үшін салықты көтеруден бөлек әлеуметтік баспана салу, жалға беру ережелерін реттеу секілді шараларды қарастырып жатыр.