Meta қызметкерлерінің 5%-ын қысқартады

Meta қызметкерлерінің 5%-ын қысқартады

Американдық Мета компаниясы қызметкерлерінің 5 пайызын қысқартпақ.

Бұл шамамен 3,5 мың адам. Тиісті шешім жұмыс тиімділігін тексеру қорытындысы бойынша қабылданған. Фейсбук, Инстаграм мен Ватсапқа иелік ететін компания пандемия кезінде көп кісіні жұмысқа алып, штаттағы адам санын 87 мыңға дейін жеткізген еді. Бірақ 2022 жылдан бері ауқымды қысқартулар жүргізіліп, қызметкерлер саны 15 мыңға азайған. Бұл негізінен экономикалық қиындықтарға байланысты қабылданған шешім. Өйткені жасанды интеллектіге байланысты технологиялық алпауыттар арасында бәсекелестік артып, салаға құйылатын қаржы көлемі ұлғайды. Соңғы жаңалықтарға байланысты компанияның акциялары 2,3 пайызға арзандады.